29 наурызда Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Алматы Орталық стадионында Шотландия құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан жастар құрамасы әлі ұпай жинап үлгерген жоқ және алдағы кездесуде бұл жағдайды түзетуге тырысады. Жеңіс қазақстандықтарға Шотландия құрамасына бір ұпайға жақындауға мүмкіндік береді.

Бірақ қонақтардың да өз міндеттері болады – егер олар үш ұпай жинаса, 7 ұпайы бар Түркия құрамасымен теңеседі.

Қазақстан U-21 - Шотландия U-21 матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:50-де басталады және оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото kff.kz