«Реал» бас бапкері Карло Анчелотти осы маусымнан кейін қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Егер команда биыл Испания чемпионатын жеңе алмаса, италиялық маман жұмыссыз қалады.

Егер мадридтік ұжым Чемпиондар лигасының ширек финалында жеңіліп қалса, бірақ ел чемпионы атанса, Анчелотти қызметінде қалатыны хабарланған.

Қазір «Реал» Примерада бірінші орында келеді, еншісінде 66 ұпай бар. Екінші орындағы «Севилья» тоғыз ұпайға қалып тұр. Маусым соңына дейін әлі тоғыз тур бар.