Ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерінің иесі Александр Усик пен бұрынғы чемпион Энтони Джошуа жазда шаршы алаңда кездеседі.

Бастапқыда жекпе-жек Англияда өтеді деп жоспарланған. Кейін Сауд Арабиясынан £90 млн көлемінде ұсыныс түскен.

Айта кетейік, Энтони Джошуа мен Александр Усик 2021 жылы қыркүйекте кездесті, онда украиналық боксшы жеңіске жетіп, қарсыласының үш титулын тартып алған болатын. Келісімшарт бойынша Усик Джошуамен реваныш өткізуге міндетті.