2022 жылы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Бақылау қорытындысы бойынша төмендегі спортшылардан оң допинг-сынамал анықталды:

1. Әуелханов Абылай2. Сон Игорь3. Потасова Юлия4. Чалкарова Руфина5. Дроздов Алексей6. Макрушин Матвей.

Жоғарыда аталған барлық спортшы Алматы облысының атынан бақ сынайды.

Допинг қолдануға қарсы саясат ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізеді.