Қызылордалық «Қайсар» жартылай қорғаушы Демият Сламбековті қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 жастағы футболшы «Қайрат» академиясының түлегі. Мансабында «Бәйтерек», «Оқжетпес», «Жетісу», литвалық «Стумбрас», «Хеглман», «Ақтөбе» және «Ақсу» сынды бірнеше клубтың намысын қорғаған.

Былтыр Демият «Ақсу» сапында Бірінші лигада топ жарды.