2022 жылы 23 наурызда Өскеменде 29 жастағы спортшы Нұрлан Демирчи дүниеден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Azerforum.com мәліметінше, Демирчи жүрек ұстамасынан көз жұмған.

Нұрлан Демирчи - Әзербайжанның Гах ауданының тумасы, 1997 жылдан бері Қазақстанда тұрған. Бокс, кикбокс, ережесіз жекпе-жекпен айналысқан. Бокс пен кикбоксингтен әр түрлі жастағы жарыстарда бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанған. Сонымен қатар, спорт шеберіне кандидат болған еді.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, спортшы туған жері Гах ауданында жерленеді.