Елордалық «Астананың» футболшылары Камо Оганесян мен Макс Эбонг өз құрамалары сапында матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Камо Оганесян Армения құрамасына жолдастық кездесуде Черногорияны (1:0) жеңуге көмектесті. «Астаны» қорғаушысы ойынды негізгі құрамда бастап, 81-минутқа дейін ойнады.

Ал Макс Эбонг Беларусь құрамасы сапында Үндістанды (3:0) жеңді. Хавбек негізгі құрамда шығып, 78-минутта орнын әріптесіне босатты.