Колумбус қаласында (АҚШ) UFC Fight Night 205 турнирі өтті, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Оның басты жекпе-жегінде ауыр салмақта өнер көрсететін 31 жастағы америкалық Кертис Блэйдс 32 жастағы отандасы Крис Дакаспен кездесті.

Жекпе-жек екінші раундтың 17-секундында аяқталды, Блэйдс нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Блэйдс ММА-дағы 16-жеңісіне қол жеткізді, одан бөлек үш рет жеңілген. Ал Дакас мансабында бесінші рет жеңілді, ол тоғыз рет жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Кертис Блэйдс UFC-дің ауыр салмақтағы рейтингісінде төртінші, ал Крис Дакас тоғызыншы орында тұр.