26 наурыздан 27 наурызға қараған түні The Armory-де (Миннеаполис, АҚШ) бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты жекпе-жекте бірінші орта салмақтың өкілдері - 27 жастағы ресейлік-австралиялық файтер Тимофей Цзю (20-0, 15 КО) мен америкалық Террел Гуш (22-2-1, 11 КО) кездесті.

12 раундқа созылған текетірестің қорытындысы бойынша Тим Цзю төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Бір қызығы, аты аңызға айналған Костя Цзюдың үшін үшін бұл оның АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегі болды. Бұған дейін Тим тек Австралия континентінде жұдырықтасатын.