Бүгін «Астана» баскетбол командасы Алматыда Санкт-Петербургтің «Зенитімен» ВТБ Біріккен лигасы маусымындағы екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» мен «Зенит» тарихта 14 рет кездесіп, Петербургтік команда 9:5 есебімен алда келеді.

Маусым басында өткен матчта «Зениттің» жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін «Астана» Зелена Гора, Мәскеудің ЦСКА, «Цмоки-Минск» және «Автодор» командаларынан жеңілген болатын.

«Астана» - «Зенит» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 14:50-де басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі.