Astana Qazaqstan Team командасының қазақстандық шабандозы Алексей Луценко бүгін түсте Испанияның Тенерифе штатындағы Тейде қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында құлап қалды, деп хабарлайды Рrosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шабандоз сол жақ иығымен төменге құлаған.

Ал құлағаннан кейін бірден жергілікті ауруханаға жеткізілген Алексейге сол жақ мықын сүйегі мен иығының ығысуы деген диагноз қойылды.

Ертең Алексей Луценкоға операция жасау үшін Бельгияға жеткізіледі.