«Астананың» эквадорлық велошабандоз Гарольд Мартин Лопес «Коппи мен Бартоли халықаралық апталығының» соңғы бесінші кезеңінде мәреге 23-орында жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чехиялық велошабандоз Йозеф Черни (Quick-Step Alpha Vinyl Team) бірінші, Quick-Step Alpha Vinyl командасынан француз Реми Кавагна екінші, израильдік велошабандоз Омер Голдштейн (Израиль - Premier Tech) үздік үштікті түйіндеді.

Веложарыстың қорытындысы бойынша «Астанада» Винченцо Нибали үздік нәтиже көрсетті. Ол 11-орынға табан тіреді.