Қазақстандық Алексей Ваганов Душанбеде велоспорттан Азия чемпионатының жекелей жарысында алтын медаль тақты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Шабандоз 24 шақырымды 31 минуту, 14.415 секундта жүріп өткен. Екінші орынды ирандық Мохаммад Дарзи Раманди (+0:45) иеленсе, үздік үштікті Моңғолия өкілі Алтангерел Даваяргал (+0:54) алды.