Қазақстандық Дария Қазақбай Душанбеде велоспорттан Азия чемпионатының жекелей жарысында екінші орын алды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Қазақстандық велоспортшы 15 шақырымды 20 минут, 54.601 секундта өтіп шықты. Спортшы өзбекстандық Анна Кусковадан 47,693 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды вьетнамдық Ти Нгуен (+01:50.155) еншіледі.