«ПСЖ» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жеті матчқа созылған голсыз сериясын үзді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Месси 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Венесуэла қақпасына гол соғып, оның құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Осылайша, аргентиналық форвард жеті матчқа созылған голсыз сериясын үзді.

«ПСЖ» шабуылшысы кейінгі рет 6 ақпанда Бірінші лигада «Лилль» қақпасына гол соққан болатын.