Биыл Бірінші лигада бақ сынайтын «Қайсар» екі ойыншымен келісімшартқа отырды.

19 жастағы футболшы Елисей Горшунов жаңа маусымда "Қайсардың" алға қойған міндеттерін орындауға атсалысады. Тараз футбол мектебінің түлегі өткен жылы Бірінші лигада үздік футболшылардың қатарына енді. "Тараз Қаратау" сапында 21 кездесу өткізіп, 5 гол соқты. Сонымен қатар Горшунов Қазақстан жастар құрамасына кандидат футболшы.

19 жастағы қорғаушы Константин Горизанов қызылордалық "Қайсармен" келісімге келді. Қарағандылық "Шахтердің" түлегі өткен жылы "Шахтер Болаттың" сапында сәтті ойнап, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ OlimpBet Қазақстан кубогында "Шахтердің" намысын қорғап, күміс жүлдегер атанды.