Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан жүлде қоры 8,4 миллион долларға жуық WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина екінші айналымда румындық Елена Руземен кездесті. Матч 6:4, 7:5 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

3-ші раундта Рыбакина Д.Пегула (АҚШ) - С.Стивенс (АҚШ) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.