Алматы қаласында MTK Kazakhstan ұйымдастырған бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (9-0-0, 6 КО) пен бұған дейін жеңіліп көрмеген мексикалық Хосе Масиас Энрикес (15-0-2, 7 КО) кездесті.

Бұл кездесуде бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Youth World титулы сарапқа салынды.

Он раундқа есептелген жекпе-жек соңына дейін жалғасып, Сейітжанов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Рай мансабындағы оныншы жеңісіне қол жетізіп, WBO Youth World белбеуіне ие болды.