Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында MTK Kazakhstan компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің негізгі карды аясында жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Талғат Шәйкен өзбекстандық Мухаммадсалим Сотволдиевпен кездесті.

Жекпе-жек толық сегіз раундқа жалғасып, Талғат Шәйкен төрешілер шешімімен жеңіске жетті.