Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында MTK Kazakhstan компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Медет (9-0, 6 КО) тәжікстандық дебютант Шухрат Мирбобоевпен жұдырықтасты.

Негізгі кардтың екінші жекпе-жегі 6 раундқа есептелгенімен, үшінші кезеңде мерзімінен бұрын аяқталды. Айдос Медет техникалық нокаутпен жеңіске жетті.