Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында MTK Kazakhstan компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты кардтың алғашқы жекпе-жегінде ақтөбелік екі боксшы – Рахат Сейітжан (8-0) мен Айдос Тастаев (2-3) кездесті. 6 раундқа есептелген жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Айдос Тастаев жеңіліске ұшырады.

Осылайша, 21 жастағы қазақстандық боксшы мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды.