Бүгін «Қайрат» ФК-ның базасында, алматылық ұжым және талдықорғандық «Жетісу» арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасапОйын 30 минуттан 3 тайм форматында өтті. Ойыншылардың біраз бөлігі, ұлттық құрамалар сапында болғандықтан, бапкерлер «Қайрат-Жастар» ойыншыларын сынап көрді.Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. «Сары-қаралар» сапында шабуылшы Жоао Пауло гол соқты.