Қызылордалық «Қайсар» 23 жастағы қазақстандық шабуылшы Нұрбол Әнуарбековпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы шабуылшы Нұрбол Ануарбеков жыл соңына дейін «қасқырлармен» келісімге келді. Нұрбол өткен маусымда «Ақсу» сапында сәтті ойнап, 8 нәтижелі пас беріп, қарсылас қақпасына 5 гол соқты. Сондай-ақ бірінші лиганың жеңімпазы атанып, керекулік команданың премьер-лига жолдамасын жеңіп алуға атсалысқан.