Халықаралық волейбол федерациясы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесін тартты.

Қазақстан құрамасы С тобында АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада командаларына түсті.

Әлем чемпионаты Нидерланды мен Польшада 23 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді.