Бельгиялық Alpecin-Fenix ​​командасының шабандозы Тим Мерлиер Бельгия өткен «Брюгге - Де Панне» дүниежүзілік турының бір күндік веложарысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орынға Team BikeExchange - Jayco командасының өкілі Дилан Гроневеген шықты. Үздік үштікті Насер Буханни (Team Arkéa Samsic) түйіндеді.

«Астана» шабандоздары ішінен мәреге 43-ші болып Давиде Мартинелли келді.