Екінші жеңіл салмақтағы қазақ боксшысы Сұлтан Зәуірбек (10-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін 15 сәуірде Ұлыбританияда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, кездесу Лондондағы бокс кеші аясында өтеді, оның басты оқиғасы екі жеңіл салмақтағы Гэвин Гвайн (14-2, 3 КО) мен Люк Уиллис (11-0, 1 КО) арасындағы кездесу болмақ.

Танымал инсайдер Дэнн Рафаэльдің айтуынша, қазақстандық боксшының 15 сәуірдегі қарсыласы Саванна қаласында (Джорджия, АҚШ) орналасқан, «Flash» лақап аты бар мальталық Хайтхэм Ламуз (17-1, 7 КО) және WBO тұжырымы бойынша болады.

Екінші жеңіл салмақтағы чемпион Зәуірбекке тиесілі титул бәске тігіледі.