Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (14-2-1, 12 КО) шаршы алаңға оралу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Эюбов кейінгі жекпе-жегін екі жыл бұрын өткізген. Ол кезде АҚШ боксшысы Джарон Эннистен (28-0, 26 КО) техникалық нокаутпен жеңілді.

Эюбов Instagram желісіндегі жеке парақшасында салмақ өлшеу рәсімінен алынған суретті жариялап, «Мен ораламын», деп жазды.