Қазақстанда туған UFC файтері Рафаэль Физиев (11-1) америкалық промоушеннің жеңіл салмақтағы рейтингінде ТОП-10-ға енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Файтер жеңіл салмақтағы рейтингте бір саты жоғары көтеріліп, оныншы сатыға жайғасты. Тоғызыншы орынға ирландиялық Конор МакГрегор ие болды, ал рейтингте бразилиялық Чарльз Оливейра көш бастап тұр.

Рафаэль Физиевтің менеджері – қазақстандық маман Саят Әбдірахманов.