Екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Канелоның» құттықтауын Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы жариялады. Бұл компанияның боксшылары қазір Альвареспен бір залда жаттығып жатыр.

«Қазақстан халқы, Наурыз құтты болсын! Бар жақсылықты тілеймін!», — деді «Канело».

Еске салайық, бүгінде АҚШ-та Айдос Ербосынұлы, Абылайхан Жүсіпов, Евгений Павлов, Әбілхан Аманқұл, Бек Нұрмағанбет пен Данила Семенов жаттығып жатыр. Ербосынұлы «Канелоның» спарринг-әріптесі болды.