Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Монпельеде (Франция) өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өкінішке қарай, осындай жақсы мерекеде жаман жаңалығым бар. Франция елшілігі маған виза беруден бас тартты, сондықтан алдағы әлем чемпионатына қатыса алмайды», - деп жазды спортшы Инстаграмда.

Еске салайық, 24 наурызда әлем чемпионатында ерлер арасындағы қысқа бағдарлама өтеді.