27 жастағы футболшы Сергей Бондаренко жаңа маусымда «Қайсардың» намысын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сергей беларустік «Динамо-Минск» футбол клубының түлегі. Мансабында «Динамо Минск», «Берёза», «Локо Гомель», «Сморгонь» сынды командаларда доп тепкен.

Алаңдағы қызметі - жартылай қорғаушы.