Prosports.kz назарларыңызға қазақстандық Елхан Табынбаев (4-0, 2 КО) пен үндістандық Исрар Усмани (5-1, 5 КО) арасындағы жекпе-жектің видеосын ұсынады.

Бұл сында жартылай ауыр салмақта WPBF тұжырымы бойынша жастар арасындағы салмақтағы вакантты әлем чемпионы атағы сарапқа салынды.

Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт сарайында өткен жекпе-жекте 22 жастағы алматылық боксшы бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Елханның Қазақстаннан тыс жерде өткізген алғашқы жекпе-жегі болаты.