Оңтүстік Африка боксшысы Джонни Мюллер (23-9-2, 14 КО) жарақат алуына байланысты қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3 КО) қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының мәліметіне қарағанда, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 25 наурызда Қоңқабаев 29 жастағы өзбекстандық Фаррух Джураевпен (6-5-1, 2 КО) жұдырықтасады. Қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold титулын қорғайды.

Джураев кейінгі жекпе-жегін 6 қарашада өткізіп, қазақстандық Бекзад Нұрдәулетовтен жеңіліп қалған болатын.

Қоңқабаев WBA Gold титулын 2021 жылы 11 желтоқсанда еншілеген, ол кезде ұлыбританиялық Стивен Уордты (12-2, 4 КО) жеңген болатын.