Қазақстан жастар құрамасы 21 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Шотландия құрамасына қарсы өтетін ойынға дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚФФ баспасөз қызметі жастар құрамасының жаттығуынан фоторепортаж дайындады.

Еске сала кетейік, Қазақстан U-21 - Шотландия U-21 матчы 29 наурызда Алматының Орталық стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақытпен сағат 17:00-де басталады.