Вильнюстік «Жальгирис» Литва чемпионатының 4-турында өз алаңында «Ритеряй» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын «Жальгиристің» пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Голдарды Марко Миличкович (45+1) пен Франсис Кьереме (87) соқты.
«Жальгирис» он ұпай еншілеп, турнир кестесінде көш бастап тұр. «Ритеряй» жеті ұпаймен төртінші орында келеді.
Айта кетейік, «Жальгиристі» қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтырады.
Комментарии