«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қорғаушысы Патрис Эвра шаршы алаңда бақ сынап көрмекші, деп жазады Prosports.kz.

40 жастағы Эвра 30 сәуір күні Лондондағы O2 аренада өтетін кеште 28 жастағы YouTube-блогер Адам Салехпен кездеседі.

«Өмірімде алғаш рет бокс кешіне қатысқалы отырғаныма өте қуаныштымын, өйткені мен боксшыларға әрқашан үлкен құрметпен қарайтынмын. Бокс тек күшке ғана байланысты спорт емес, бұл шахмат ойыны секілді стратегия мен техниканы талап етеді. Маған бокстың жаттығу техникасы оңай соқпайды, өйткені олардың жаттығу тәсілі футболшылардың жаттығуынан мүлде бөлек. Көп жұмыс істеп, өзімді сынап көргім келеді және өзіме жайлы ортадан шықсам деймін», - деп келтіреді Эвраның сөзін Give me Sport.