Қазақстандық теннисші 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Мароккода өткен ITF Junior сериясының бірінші санатты турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Нұр-Сұлтанның 17 жастағы тумасы бесінші орын алған кениялық Анжела Окутуйді 5:7, 6:3, 6:3 есебімен ұтты. 1/4 финалда Сандуғаш жарыстың екінші ракеткасы бельгиялық Амели Ван Эмпиді - 6:4, 5:7, 6:4 есебімен ұтты.

Жартылай финалда қазақстандық турнирдің үшінші ракеткасы британиялық Рана Стойберден 1:6, 2:6 есебімен ұтылды.