21 жастағы қазақстандық футболшы Бекзат Құрманбекұлы «Қайсар» футбол клубымен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Бекзат «қасқырлар» сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, футболшы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған.