«Астананың» жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро «Ақтөбемен» болған ойынды қорытындылап, командаға үйренісуі жайлы сөз қозғады.

– Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Апта бойына команда алғашқы жеңістің дәмін тату үшін аянбай тер төкті. Сондықтан, командадағы барлық адам осы жеңіске лайықты.

Иә, мен өзімді «Астанада» тамаша сезінудемін. Клуб сапында жұмыс істейтін адамдар да, алаңдағы әріптестерім де маған ұнайды. Өткен қос матчқа қарамастан, біз бір команда болып қала білдік және маңыздысы, жеңіске қол жеткіздік. Осы кездесуден кейін әлі де күшейе түсетінімзге сенімдімін.