Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының 23-туры аясында «Қайрат» - «Нұр-Сұлтан» кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 6:3 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталды. «Қайрат» АФК құрамында Альберт Ақбалықов пен Диего дубль авторы атанса, Дәурен Тұрсағұлов пен Шыңғыс Есенаманов бір голдан соқты. Елордалық команда сапындағы голдардың авторы Рауан Атантаев, Азамат Сейфуллин және Ахмед Борханов атанды.

«Қайрат» - «Нұр-Сұлтан» (Нур-Султан) 6:3 (3:1)Голдар: Ақбалықов (2), Диего (2), Тұрсағұлов, Есенаманов – Атантаев, Сейфуллин, Борханов

Фото afckairat.kz