«Ордабасы» беларусьтік шабуылшы Всеволод Садовскиймен келісімшарт жасасты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы шымкенттік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

25 жастағы ойыншы бұған дейін «Минск», «Энергетик-БГУ» және «Динамо Брест» командаларында өнер көрсеткен.

Өткен маусымды ол «Рух» сапында 33 матчқа қатысып, 13 гол соқты.