Қазақстандық теннисші Андрей Голубев германиялық Александр Зверевпен бірге Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голубев пен Зверев ширек финалда америкалық Томми Пол мен Тейлор Фрицті жеңді.

1 сағат 26 минутқа созылған кездесу 6:4, 7:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалда олар Джон Иснер/Джек Сок – Фелисиано Лопес/Стефанос Циципас жұбының жеңімпазымен кездеседі.