Шымкенттік «Ордабасы» африкалық футболшы Секу Думбияны қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Кот-д'Ивуардан келген жаңа ойыншы орталық және тіреуші жартылай қорғаушы ретінде ойнайды.

Думбия шымкенттік клубқа ауыспас бұрын израильдік «Хапоэль Хадера» клубында өнер көрсеткен.