Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жабық трансферлік терезе кезінде украиналық футболшыларға жаңа клубтарға ауысуға уақытша рұқсат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тиісті түзету FIFА-ның трансферлік ережелеріне енгізілді. Бұл үшін украиндық ойыншыларға қазіргі уақытта орналасқан елден кетуге рұқсат берілуі маңызды.

Сондай-ақ, мұндай жағдайда клубтар украин төлқұжаты бар екі ойыншыны ғана тіркей алады.