Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияда өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық екінші айналымда португалиялық Гаштан Элиашты 6:2, 0:6, 7:5 есебімен ұтты.

Ойын 2 сағат 29 минутқа созылды.

Еске салайық, қазақстандық бірінші айналымда тағы бір Италия өкілі Андреа дель Фредериконы екі сетте 6:3, 6:1 есебімен ұтқан болатын.