Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңіндегі кездесулерге арналған құрамы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ярослава Шведова басқаратын Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы келесі ойыншыларды таңдады: Елена Рыбакина (WTA жекелей рейтингінің 20-нөмірі), Анна Данилина (WTA жұптық рейтингінің 22-нөмірі), Юлия Путинцева (WTA жекелей рейтингінің 47-нөмірі), Зарина Дияс (WTA жекелей рейтингінің 110-нөмірі), Жібек Құламбаева (WTA жұптық рейтингінің 297-нөмірі).

Кездесулер 15-16 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.