19 жастағы Қазақстан жастар құрамасының орталық жартылай қорғаушысы Мейрамбек Қалмырза «Оқжетпес» командасына жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы «Астананың» түлегі. 2021 жылғы маусымда ол «Астана-М» сапында 18 матч өткізді.

«Футболшыға жеңіс пен толағай табыс тілейміз, әрине, біздің клубтың жейдесінде», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.