«Тобыл» ФК қорғаушысы Жарко Томашевич Черногория құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Черногория құрамасы 20-29 наурыз аралығында Подгорицада оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

ОЖЖ аясында Черногория екі жолдастық кездесуге қатысады: Армения - Черногория (24 наурыз) Черногория - Греция (28 наурыз).