2022 жылғы қысқы паралимпиада жүлдегері Александр Герлицке «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортшыға төсбелгіні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов табыстады.

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, «Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті» ҚБ Бас хатшысы Ерлан Сүлейменов және Паралимпиада құрамасының бас бапкері Василий Коломиец қатысты.