Алматыда «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «КазТАГ»-қа сілтеме жасап.

Боранбаевты қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторында, жақын күндері оның қатысуымен жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.

Forbes журналы өткен жылы Қазақстанның ең бай адамдарының рейтингісінде Боранбаевтың байлығын 590 миллион долларға бағалаған.

Айта кетейік, 2012 жылдан бері Боранбаев «Қайрат» футбол клубы Бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 2015 жылдың наурыз айынан бастап ол сонымен қатар ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті қызметінде.